АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ
Алатау қаласының имамдары саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына арнайы сапар жасады.
Бұл шара имамдардың тарихты тереңірек түсініп, елдің өткеніне құрмет көрсетуге үндейтін рухани миссиясының бір көрінісі болды. Мұражай қызметкерлері саяси репрессияның ауыр зардаптары жайлы маңызды деректермен бөлісті.
Сапар барысында имамдар нәубет заманның құжаттарымен, архивтік материалдармен және қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолымен танысты.
Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы сапар барысында:
— «Біз тарихымызды ұмытпауымыз керек. Қуғын-сүргін құрбандарының рухына құрмет көрсету – болашақ ұрпаққа бейбіт өмірді аманаттау деген сөз. Мұндай сапарлар имамдардың рухани білімін байытып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтуға септігін тигізеді», — деп атап өтті.
Имамдар мұражай қызметкерлеріне алғыс айтып, дұға бағыштады. Шараның басты мақсаты — еліміздің тарихына құрмет көрсету және қоғамда бейбітшілік пен әділдіктің маңыздылығын насихаттау. Аталмыш шара тарихи естеліктерді сақтау мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі маңызды қадамдардың бірі ретінде есте қалды.