preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕШІТТЕРІНДЕ ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған төрт негізгі бағыты бойынша Алатау қаласындағы мешіттер жүйелі түрде жұмыс атқаруда. «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында айтарлықтай белсенділік байқалады. Мешіттерде жамағатқа арналған оқу курстары, Құран оқыту сабақтары, ақида, фиқһ және ислам әдебі тақырыптары бойынша дәрістер өткізіліп келеді. Жастар мен балаларға арнайы білім беру бағдарламалары ұйымдастырылып, олардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар, әйел жамағатына арналған сабақтар да тұрақты түрде өткізіліп, діни білім алу мүмкіндігі кеңейтілуде. Оқытушылар халыққа исламның бейбітшілік пен мейірімділік қағидаттарын түсіндіріп, ұлттық құндылықтармен үйлесімді насихат жүргізуде.
Діни білім беру жұмыстары тек оқу курстарымен шектелмей, түрлі семинарлар, рухани кештер және сұрақ-жауап форматы арқылы да жалғасуда. Мұндай шаралар жамағаттың діни сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруына ықпал етеді.
Алатау қаласындағы мешіттер дін мен дәстүрдің ұштасқан жері болып, жамағаттың рухани азық алатын ортасына айналуда. Бас мүфти бекіткен негізгі бағыттар аясында атқарылып жатқан бұл жұмыстар қоғамның рухани жаңғыруына зор үлес қосары анық.