preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУДА МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛАТАУДА МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Алатау қаласында мешіт шәкірттері арасында Құран сайысы өтті. Рухани шараға қала мешіттерінен іріктеліп, үздік деп танылған 18 шәкірт қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты – шәкірттердің Құран Кәрімді жаттауына қолдау көрсету, қасиетті Құранды дұрыс оқуға ынталандыру және жас буынның діни білімге деген қызығушылығын арттыру.
Білім додасында шәкірттер жаттаған сүрелерін оқып, Құранды дұрыс әрі мәнерлеп оқу деңгейлерін көрсетті. Қатысушылардың дайындығы мен білімі белгіленген талаптар негізінде бағаланды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Узиев Амирхан Айвазович – 100 000 теңге;

І орын – Есен Ибраһим – 70 000 теңге;

ІІ орын – Жарылқасын Жанарыс – 50 000 теңге;

ІІІ орын – Гусейнов Гафур Закирович.

Сонымен қатар сайысқа қатысқан шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы марапаттады.
Марапаттау рәсімінде Алматы облысының бас имамы шәкірттерді Құран жолындағы ізденістерімен құттықтап, олардың діни білім алуының маңыздылығына тоқталды.
«Құран Кәрімді үйрену – мұсылман үшін үлкен нығмет әрі жауапкершілік. Бүгінгі сайысқа қатысып отырған шәкірттердің әрқайсысы өз білімін шыңдап, Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға талпынып отыр. Бұл – қуантатын жағдай. Құранды жаттау – тек жарыста жүлде алу үшін емес, оны жүрекке орнықтырып, өмірімізге өнеге ету үшін қажет. Барша шәкіртке ізденістеріне береке тілеймін. Ұстаздарының еңбегі жемісті болсын», – деді Мадияр қажы Тағайбайұлы.
Құран сайысы соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Алатау қаласының мешіттерінде шәкірттердің діни сауатын арттыру, Құран оқуға баулу және жас буынның рухани тәрбиесін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.