Алатауда ниқабқа қатысты арнайы семинар өтті
2025 жылдың 5 шілдесі күні Алатау қаласына қарасты, Ынтымақ шағын ауданындағы мешітде әйел-қыздар жамағатына арналған «Бетті толық жабуға қатысты шариғи және заңдық ұстанымдар» тақырыбында арнайы семинар өтті. Онда қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын киімдерге қатысты заңнамалық өзгерістер мен оның шариғаттағы үкімі түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылар ниқабтың діндегі орны, қазіргі құқықтық талаптар және мұсылман әйелдің қоғамдағы көрінісі жайлы толыққанды мәлімет алды. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі шариғи жауаптар берілді.
Шараны «Ынтымақ» мешітінің ұстазы Гүлжанат ұстаз және Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің ұстазы Бақытнұр Төлеуқызы жүргізді. Қатысушылар семинардың өзектілігін атап өтіп, осындай танымдық кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныс білдірді.



