preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУДАҒЫ АДАЛДЫҚ БЕЛГІСІ

АЛАТАУДАҒЫ АДАЛДЫҚ БЕЛГІСІ

Алатау қаласы халал индустриясы саласында тағы бір игі қадамға куә болды. Жетіген шағынауданында, Ш. Уәлиханов көшесі, 90А мекенжайында орналасқан «Maki Maki» рестораны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы тарапынан берілетін «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
Бұл — тек бір парақ құжат қана емес, тұтынушы сенімі мен адал еңбектің айғағы. Сертификаттау барысында мекеменің тағам әзірлеу үдерісі, қолданылатын шикізаттардың тазалығы мен шығу тегі, сақтау және қызмет көрсету тәртібі түгелдей сарапқа салынып, шариғат талаптарына толық сай екені нақты дәлелденді.
«Халал Даму» орталығының білікті мамандары арнайы тексеру жүргізіп, өндіріс үдерісінің әр сатысына жіті назар аударды. Нәтижесінде, «Maki Maki» халал стандарттарына толықтай жауап беретін мекеме ретінде танылып, ресми түрде сертификатталды.
Ресторан ұжымы бұл жетістікке үлкен жауапкершілікпен қарап, халал талаптарын үнемі қатаң сақтап отыруды басты міндет санайтынын жеткізді. Олар адал әрі сапалы тағаммен қоса, тұтынушының сеніміне селкеу түсірмеуді басты ұстаным етіп отыр.
Асыл дінімізде халал тағам – тәннің азығы ғана емес, рухтың тазалығының кепілі. Сондықтан адал астың өн бойынан шынайылық, мұқияттық пен ізгі ниет сезіліп тұруы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, «QMDB Halal» сертификатына ие болу – әрбір кәсіп иесінің қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін айғақтайды.