preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітінде бабалар рухына Құран хатым бағышталды

Алматы облыстық мешітінде бабалар рухына Құран хатым бағышталды

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде дін қызметкерлері Құранды хатым етіп, елдің бірлігі үшін дұға жасады.

Қасиетті Рамазан айында өңірімізге қарасты мешіттердің дін қызметкерлері Құран Кәрімді 12 рет толық оқып шықты.

Осыған орай Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған имамдар, мешіт ақсақалдары мен жамағаты Құран хатым дұғасының сауабын өмірден өткен ата-бабаларымыздың, қазақ хандары мен батырларының, Алаш қайраткерлерінің, еліміздің дамуына ерен еңбегі сіңген азаматтардың рухына, сондай-ақ діни салада ізі қалған ғалымдарымыздың рухына бағыштады.