preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітінде «Ізгі қоғам» бөлмесі ашылды

Алматы облыстық мешітінде «Ізгі қоғам» бөлмесі ашылды

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Ізгі қоғам» бөлмесі ашылды.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, дін қызметкерлері, өңір ақсақалдары және ақ жаулықты әжелеріміз қатысты. Облыс бас имамы екі бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Алдағы уақытта аталмыш бөлмеде неке қию, азан шақырып, ат қою, тұсау кесу сынды рәсімдер атқарылатын болады.