preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Алматы облыстық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұжымы тағы бір білімді де білікті наиб имаммен толықты.

Алматы облысының бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған наиб имам Сүлейменов Талғат Абайұлын таныстырды.

Сүлейменов Талғат Абайұлын бұған дейін Іле ауданына қарасты Ақши ауылдық мешітінде бірнеше жыл имамдық қызмет атқарған еді.