preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді

Алматы облыстық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай арнайы шара ұйымдастырылды.

Алдымен Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Айт намазынан кейін облыс бас имамы құтпа оқып, көпшілікпен бірге дұға жасап, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тіледі.

Бұдан бөлек, құлшылық үйіне келген көпшілік үшін палау әзірленіп, үлестірілсе, ақсақалдарға ақ дастарқан жайылды.