preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешіті 200 отбасыға қуаныш сыйлады

Алматы облыстық «Қапшағай» мешіті 200 отбасыға қуаныш сыйлады

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешіті республикалық деңгейде өтіп жатқан «Рамазан қоржыны» жобасына үн қосты.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында мешіт тізімінде тұрған 200 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне жүзеге асқан қайырымдылық шарасына қолдау білдірген азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерге разы болсын. Әмин!