preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде алғашқы ауызашар берілді

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде алғашқы ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде алғашқы ауызашар дастарқаны жайылды. 

Алла Тағаланың разылығы үшін таңнның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен шыдамын шыңдай түскен жамағат ақшам намазынан соң мешіт асханасында бас қосып, мүбәрак айдың берекелі дастарқанына жайғасты.

Рухани жиын басында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікке уағыз айтып, оразаның мән-маңызын түсіндіріп, ауызашар беру – сауабы мол амалдардың бірі екендігіне тоқталды.

Айта кетейік, Рамазан айы бойы өңіріміздегі мешіттерде күн сайын 10 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі.