preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Қасиетті Қадір түнінде Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде жамағатпен бірге Құран хатым дұғасы жасалды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды мың айдан да қайырлы түннің келуімен құттықтап, бұл мезгілдің қадір-қасиеті жайлы тұщымды уағыз айтты.

Қарилардың имамдық етуімен тарауық намазы оқылғаннан кейін, Құран хатым дұғасын наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жасап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Құран Хатым сауабын елдігіміздің жолында ерен еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағыштап, Жаратушы Алладан қазіргі таңда еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан тасқын судан пана сұрады.