preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құран жарысы өтті

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Құран жарысы өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен «Қапшағай» мешітінің шәкірттерінің Құранға деген ықыластарын арттыру мақсатында жарыс ұйымдастырылды.

Жарты пара және 10 сүренің мағынасымен жатқа айту аталымы бойынша өткен жарысты Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы жүргізіп, «Қапшағай» мешітінің ұстазы Абдунасыр қари Таирұлы, Іле ауданы «Сманқұл» мешітінің наиб имамы Ербол қари Серікбайұлы және Заречный мешітінің бас имамы Әдембек Бейсенбек сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша 26 үміткердің ішінен І орынға Амантай Райымбек лайық деп танылды. ІІ орын Тұрсұнов Әмірге, ал ІІІ орын Ұзақбай Жасұланға бұйырды.

Аталмыш жарысқа демеушілік көрсеткен «Jana Urpaq» қайырымдылық қорына алғыс білдіреміз.