preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: АРДАГЕР ИМАМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: АРДАГЕР ИМАМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алматы облысында ұзақ жылдар бойы дін саласында қызмет етіп, елдің рухани тәрбиесіне және діни-ағартушылық бағыттың дамуына үлес қосып келе жатқан ардагер имамдарға құрмет көрсетілді. Игі бастама Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының қолдауымен жүзеге асты. Дін жолындағы көп жылғы еңбегі, мешіт қызметіне қосқан үлесі мен халық арасында имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттаудағы қызметі ескеріліп, бірқатар ақсақал имамдарға костюм, жейде және өзге де сый-сияпаттар табысталды. Бұл – саналы ғұмырын дін қызметіне арнап, талай жыл бойы халықтың рухани тәрбиесіне еңбек сіңіріп келе жатқан ардагер имамдарға көрсетілген құрметтің белгісі. Ақсақал имамдардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі қызметі – кейінгі буын дін қызметкерлері үшін үлкен мектеп. Олардың ел бірлігін нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу жолындағы еңбегі ерекше маңызға ие.