АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: «ИХСАН-РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Ұйғыр ауданында имамдарға арналған “Ихсан – рухани тәрбие негізі” тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыс бойынша “Ихсан-насихат бағытына жауапты маман Ербол Серікбайұлы арнайы келіп, қатысушыларға терең мазмұнды дәріс жүргізді.
Шара барысында Ербол Серікбайұлы ихсан ұғымының мән-мағынасы, оның мұсылманның рухани дамуы мен қоғамдағы орны туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Сондай-ақ, имамдардың күнделікті қызметінде ихсан ұстанымдарын қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Семинар қатысушылары өз қызметтерінде адамдарға үлгі болу, көркем мінез-құлық пен шынайы ықыласты сақтаудың әдіс-тәсілдерін үйренді.
Аудан имамы Алмат Әбдімүтәліпұлы өз сөзінде семинардың маңыздылығына тоқталып, келген қонаққа алғысын білдірді. Ол рухани тәрбиенің қоғам өміріндегі орны ерекше екенін айта отырып, әр имам ихсан қағидаларын күнделікті қызметінде басшылыққа алуы керектігін еске салды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарын қойды!