preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ИМАМДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ИМАМДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Алматы облысы имамдары арасында волейболдан аудан аралық турнирі өтті.

Спорттық шара Алматы облысы бойынша Дін істері басқармасы және “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Турнир Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» ауылындағы спорт кешенінде өтті. Турнирге Қонаев қаласы, Балқаш ауданы, Іле ауданы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы, Еңбекшіқазақ, Талғар, Ұйғыр ауданы, Райымбек және Кеген аудандарының имамдары қатысты. Тартысты бәсекеде топ жарып, жүлделі І-орын иегері атанған Жамбыл ауданының имамдар тобы қаржылай 60 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал жүлделі ІІ-орын Ұйғыр ауданының имамдарына қаржылай 40 000 теңге бұйырса, Еңбекшіқазақ ауданының имамдары жүлделі ІІІ-орын және қаржылай 20 000 теңгені қанағат тұтты. Бірлік пен ынтымаққа және салауатты өмір салтын насихаттауға бастау болатын іс-шара ұйымдастырушыларына алғыс айтылды.