preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ИМАМДАРДЫ ОҚЫТУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ИМАМДАРДЫ ОҚЫТУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ Алматы облысы өкілдігі мен облыстық Дін істері басқармасы “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігі облыс имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған 5 күндік оқыту курсы аяқталды.

Курста жамағатпен жұмыс жүргізуде жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдану, сондай-ақ облыстың діндар контингенті арасында діни экстремистік идеологияның таралуын алдын алу бойынша дәрістер жүргізілді. Оқыту курсының аяқталуында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахылбекұлы Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы имамдарға курсты аяқтағаны жайлы сертификаттар табыстады.

5 күнге жоспарланған курста Дінтану бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері Болат Шаймолдаұлы, заңгер, заң ғылымдарының магистрі Ұлан Боранбайұлы,  «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі Салтан Сайранұлы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының оқытушысы, магистр Нұржан Айдарұлы мен әлеуметтанушы Талғат Жақиянов сынды сарапшылар дәрістер жүргізді.