preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарына арналған 3 күндік курс басталды

Алматы облысы имамдарына арналған 3 күндік курс басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінде діни оқу-ағарту бағыты бойынша дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған курс басталды.

3 күн бойы имамдарға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтанушы Қайрат Құрманбаев, дінтанушы, профессор Алау Әділбаев, исламтанушы, PhD доктор Ерғали Алпысбаев және дінтанушы Ернар Есімқұлов сынды білімді һәм білікті ұстаздар хадис ілімі, Ханафи мәзһабының негіздері, фиқһ және Ислам тарихы пәндерінен дәрістер жүргізетін болады.