preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарына арналған 5 күндік семинар басталды

Алматы облысы имамдарына арналған 5 күндік семинар басталды

Алматы облысы дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты өңіріміздің имамдарына арналған семинар өз жұмысын бастады.

Танымдық шараның ашылуында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі Рақымжан Әкімбаев мырза қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жиналған көпшілікке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, дін қызметкерлерін 5 күн ішінде барынша пайдалы білім нәрімен сусындауға үндеді.

Өз кезегінде «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Жандос Анарбекұлы өңірлік Дін істері басқармасы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы баяндап, бұл семинардың имамдар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.