preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының арасында волейбол турнирі өтті

Алматы облысы имамдарының арасында волейбол турнирі өтті

Алматы облысына қарасты мешіт қызметкерлерінің арасында волейболдан ауқымды турнир ұйымдастырылды.

Спорттық додаға Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарынан келген командалар қатысты.

Жарыс нәтижесінде І орынды Ұйғыр ауданының командасы иеленсе, ІІ орын Талғар ауданынан келген командаға, ал ІІІ орын Қонаев қаласының командасына бұйырды.

Жүлделі орын иегерлеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Талғар ауданының командасы мәрттік танытып, жүлде ретінде алған шаңсорғышты Қызылту — 1 ауылдық мешітіне сыйға тарту етті.