Алматы облысы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті
ҚМДБ тарапынан бекітілген діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде өңіріміздің имамдары мен ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.
Танымдық шарада Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі сияқты дін мамандары жергілікті дін қызметкерлерге дәріс оқыды.
Кенжетай Байкемелұлы имамдардың көркем мінезді болуының қажеттілігін түсіндірсе, Хасан Ташайұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, құлшылық үйлеріндегі дәрістердің тәртібі, сауат ашу курстарының жұмысына тоқталды.
Өз кезегінде Бауыржан Әбдуәлі пәтуә берудің маңыздылығы, әдіс-тәсілдері және жауапкершілігі жайлы кеңінен айтып берді.