preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар аяқталды

Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар аяқталды

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өңіріміздің имамдары мен ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған үш күндік семинар өз мәресіне жетті.

Танымдық шараның кезекті күні дін қызметкерлеріне Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары Ернар Нұрманбетұлы және Азамат Шотбайұлы дәріс оқыды.

Атап айтқанда Ернар Нұрманбетұлы «Ислам тарихы» тақырыбында сөз қозғаса, Азамат Шотбайұлы «Хадис ілімі» тақырыбы аясында білімімен бөлісті.

Семинар соңында екі ұстазға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының алғыс хатын облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы табыс етті.