preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өңіріміздің имамдары мен ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған үш күндік семинар өз жұмысын бастады.

Танымдық шараның алғы сөзін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы алып, өңіріміздің имамдары мен ұстаздарына ҚМДБ қабылдаған Концептуалды құжаттардың маңыздылығын түсіндірді. Бұдан бөлек бас имам «Имамның тұлғалық келбеті» құжаты аясында баяндама жасады.

Осыдан кейін Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің бірінші наиб имамы, Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы «Діни лауазымдар тізілімі», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізімі» және «Ас беру мәдениеті» құжаттарына кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» құжаты және Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінің наиб имамы Марат Әмірұлы «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжаты түсіндіріп өтті.

Алдағы күндері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Ернар Нұрманбетұлы «Ислам тарихы», ал Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Азамат Шотбайұлы «Хадис ілімі» тақырыбы аясында дәріс оқиды деп күтілуде.