preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы Райымбек ауданында “Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ” атты білім сайысы өтті.

Алматы облысы Райымбек ауданында “Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ” атты білім сайысы өтті.

ҚМДБ-ның “Ислам және отбасы құндылығы” жылының аясында “Діни оқу-ағарту” бағыты бойынша 06.02.2025ж
Алматы облысы Райымбек ауданы “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде аудан бойынша әйел-қыздар жамағатының арасында “Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ”атты білім сайысы өтті!

Атаулы шара тест түрінде өткізілді.  Ауданға қарасты 16 ауыл мешіттерінен 31 қыз-келіншек қатысты. Райымбек ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы төрелік етті. Сайыс жеңімпаздары:- Бас жүлде – Мұхтар Азиза (Саржаз ауылы)
1-орын Муса Ақнұр (Саржаз ауылы)
2-орын Сағынбекова Раушан (Нарынқол ауылы)
3-орын Мұқанова Мира (Нарынқол ауылы)
Ал қалған 27 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Аудан арасында ұйымдастырылған сайыс белсенділері алдағы уақытта осындай шаралардың жиі болуына ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, демеушілік жасаған ел мен дін жанашыры Усманов Қайрат Ерболатұлына алғысымыз шексіз.