preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: РАНТ МҮШЕСІ АХМЕТ ҒАЗИЗ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: РАНТ МҮШЕСІ АХМЕТ ҒАЗИЗ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Қасиетті жұма күні Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Ахмет Ғазиз Нұртайұлы жамағатқа «Сабырдың да сан қырлы сатылары бар» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында ұстаз Ислам дініндегі сабыр ұғымының мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, мұсылманның өміріндегі түрлі сынақтар мен қиындықтарға төзімділік таныту, құлшылықта тұрақтылық сақтау және күнәлі істерден өзін тыюдың маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ сабырдың тек қиындыққа төтеп беру ғана емес, адамның мінез-құлқын тәрбиелейтін, иманын бекемдеп, Алла Тағалаға деген тәуекелін арттыратын маңызды рухани қасиет екені айтылды. Уағыз барысында Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен мысалдар келтіріп, сабырдың сан қырлы сатыларын жамағатқа жан-жақты түсіндірді.