АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: «САҒЫНДЫҚ СЕНІ, ЕЙ, МҰХАММЕД!» АТТЫ РУХАНИ ШАРА ӨТТІ
Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде «Сағындық сені, ей, Мұхаммед!» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды басқосуға Іле ауданының ұстазы Хумарбек Айнұр және «Абай» мешітінің ұстазы Фарида Ғаділқызы арнайы қатысып, жамағатқа насихат айтты.
Шара барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмір жолы, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған асыл мұрасы кеңінен насихатталды. Сондай-ақ Алла Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілікті арттыру, оның сүннетін өмірде үлгі ету және отбасындағы рухани тәрбиенің маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Рухани кездесуде Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар айтылып, қатысушыларға ғибратты насихаттар жеткізілді. Жиын әйел жамағатының діни сауатын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Шара соңында Құран оқуға түскен шәкірттерге қасиетті Құран Кәрім табысталып, ұстаздар тарапынан ізгі тілектер айтылды

