preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысы Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылдық округінде жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Қасиетті жұма күні өткен игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің ұстаздары мен шәкірттері, ауылдың зиялы қауымы қатысты.

Салтанатты рәсім Ербол қари Махамбетовтың Құран оқумен басталды. Алғы сөз сөйлеген облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ауыл халқын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, оның рухани және тәрбиелік маңызына тоқталып, батасын берді. Сондай-ақ мешіттің салынуына демеушілік жасаған қажы Шеризатова Гүлзейнеш ханымға алғыс білдірілді.

Іс-шара аясында Мадияр қажы Тағайбайұлы мешіт жамағатына «Исламда жастар тәрбиесі» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жастарды имандылық пен ізгілікке үндеді.

Шара соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, дұға оқылды. Жаңа мешіт ауыл тұрғындарының рухани өміріндегі маңызды оқиға болып, ел игілігіне қызмет етпек.