АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ оқу ағарту бағытының 2025 жылғы жоспарына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30- парасын жатқа оқу аталымы бойынша жасөспірімдер арасында облыстық құран байқауы болып өтті.
Құран байқауына аудандардан іріктеліп алынған 33 шәкірт өздерінің білімін ортаға салды. Байқауға Құдірет қари Рахымкелді, Хусниддин қари Акбарұлы және Абдунаср қари Тайырұлы төрелік жасады. Құранның тәжуид ережелерін сақтай отырып, өз нақышына келтіріп оқыған 6 шәкірт топ жарды.
Бас жүлде (100 000теңге) Азаматұлы Юсуф (Іле ауданы)
1-орын (70 000 теңге) Еркебұланұлы Нұрислам
2-орын (50 000теңге) Оралұлы Абдулла (Іле ауданы)
3-орын (30 000 теңге) Берікұлы Сайдулла (Талғар ауданы)
3-орын (30 000 теңге) Марисов Ибраһим (Ұйғыр ауданы)
3-орын (30 000 теңге) Нұрланұлы Рамазан (Қонаев қаласы)
Жүлде алмаған шәкірттердің барлығына Құран кітабымен мен қоса 5000 теңгеден ынталандыру сыйлығы беріліп, балаларға Маки Маки асханасында ас берілді. Байқауға Жаңа ұрпақ қоғамдық қоры және мешіт жамағаттары демеушілік жасады.