Алматы облысы жастары Батыржан Берденұлының тағылымды насихатын тыңдады
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы Мансұров Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұстаз жастарды жастық шақтың қадірін білуге, уақытты тиімді пайдалануға, ілім мен еңбекке ұмтылуға үндеді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жиі кездесетін ішімдік, нашақорлық және түрлі теріс әдеттердің зияны туралы айтты.
Батыржан Берденұлы жастарға жастық шақтың Алланың үлкен нығметі екенін еске салып, оны ізденіс пен пайдалы іске арнаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, ұстаздан пайдалы кеңестер алды. Шара тағылымды уағыз бен рухани әңгімеге толы жағдайда өтті.



