preloader

Жаңалықтар

Алматы облысына тәжірибе алмасу мақсатында түркістандық имам келді

Алматы облысына тәжірибе алмасу мақсатында түркістандық имам келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен имамдардың өзара тәжірибе алмасу жұмыстары аясында Алматы облысына Түркістан облысы Түлкібас аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Мағаз Серік келді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлымен кездесуден кейін, Мағаз Серік облыстық орталық «Қапшағай» мешіті, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті және Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешіті сияқты құлшылық үйлерінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.