АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 950-БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының игі бастамалары аясында мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда.
Қайырымдылық шарасы барысында 950-баспананың кілтін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы табыстап, отбасы мүшелерін қуанышты сәтімен құттықтады.
Аталған игі бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге, қоғамда қайырымдылық пен өзара жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Шара барысында игі іске үлес қосқан демеушілер мен қайырымды азаматтарға алғыс білдіріліп, жаңа қоныс иелеріне ақ тілектер айтылды.
Алла Тағала жаңа баспананы құтты әрі берекелі етіп, шаңыраққа амандық пен бақ-береке нәсіп етсін!


