Алматы облысында ақсақалдарға құрмет корсетілді
Алматы облысы өкілдігінің бастамасымен «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қарияларды келе жатқан «Қарттар күні» мерекесімен құттықтап, «Қарты бар үй – қазыналы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Алматы облысының барлық аудандарынан келген ақсақалдарға мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды.