АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ДІН, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ
ҚМДБ Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Дін, ғылым және дәстүр» атты интеллектуалдық білім сайысы ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық шара Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы аудандық «Түркістан-1» мешітінде өтті. Білім додасына Алматы облысына қарасты мешіттердің жамағат өкілдері қатысып, діни білімдері мен танымдық деңгейлерін сарапқа салды.
Интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарды Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы марапаттап, оларға арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І орын – Жұмағалиев Қайрат. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Әділжан ата» мешітінің өкілі.
Ақшалай сыйлық – 100 000 теңге.
ІІ орын – Қабулов Өмірзақ. Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, «Мәметәлі» мешітінің өкілі.
Ақшалай сыйлық – 70 000 теңге.
ІІІ орын – Аштаев Арман. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Имам Мұхаммад» аудандық мешітінің өкілі.
Ақшалай сыйлық – 50 000 теңге.
Айта кетейік, мұндай интеллектуалдық сайыстар жамағаттың діни білімін жетілдіруге, рухани танымын кеңейтуге және мешіттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.


