АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Алматы облысы мешіттерінің дін қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысып, дін қызметкерлері арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтудың, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтті. Спартакиада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде басталды. Жарыс барысында дін қызметкерлері садақ ату, асық ату, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру және футбол бойынша өзара бақ сынап, ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
* Садақ атудан — Қарасай ауданы;
* Асық атудан — Қарасай ауданы;
* Қол күресінен — Ұйғыр ауданы;
* Гір тасын көтеруден — Қарасай ауданы;
* Арқан тартудан — Ұйғыр ауданы;
* Футболдан: І орын — Қонаев қаласы, ІІ орын — Талғар ауданы, ІІІ орын — Еңбекшіқазақ ауданы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы мадақтамалар және қаржылай сыйлықтар табысталды. Спартакиада дін қызметкерлерінің бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттаған тағылымды шара болды.

