preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР НЫСАН УАҚЫП ЕТІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІРҚАТАР НЫСАН УАҚЫП ЕТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уақып» қорының игі бастамалары аясында уақып мәдениетін қалыптастыру және дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Уақып – мұсылман қоғамындағы қайырымдылықтың маңызды институттарының бірі. Ол – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті халықтың игілігіне арнап, оның сауабы үздіксіз жалғасуына себеп болатын сауапты амал.

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық “Хайыр Ихсан” мешітінің жанында автокөлік тұрағы, балалар алаңы, спорт алаңы, және қызметтік үй  уақып етілді. Уақып ісіне үлес қосқан азаматтарға уақып тақтайшалары мен алғыс хаттар табысталды. Уақып арқылы салынған әрбір нысан, жасалған әрбір игі іс – кейінгі ұрпаққа қалатын рухани мұра.

Алла Тағала барша қайырымды жандардың ниеттерін қабыл етіп, мал-мүліктеріне береке берсін!

Уақып – ұрпаққа қалатын игілік, тоқтаусыз жалғасатын сауап!