preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН «МАМЕТАЛЫ» МЕШІТІ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН «МАМЕТАЛЫ» МЕШІТІ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылындағы «Маметалы» мешіті жомарт азаматтардың қолдауымен күрделі жөндеуден өтіп, кеңейтілгеннен кейін салтанатты түрде қайта ашылды. Жаңғыртылған мешіт енді бір мезетте 500 адамға дейін қабылдай алады. Салтанатты шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, жамағатты құттықтады.  Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Қасымбекұлы да тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, мешіт имамы мен белсенді жамағат өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады. Жиында ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі  Ерлан Ақатаев мешіттің рухани өмірдегі маңызы туралы уағыз-насихат айтты.

Салтанатты шарада дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында ұлттық өнерге ерекше мән беріп,  белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имаш пен Сырым Әуезхан тағылымды айтысымен көпшілікке рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ дәстүрлі әнші Диас Мұратхан терме орындап, күмбірлеген күй мерекелік шараның сәнін келтірді.