preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында «Мектепке жол – 2025» аясында қайырымдылық шаралары өтті

Алматы облысында «Мектепке жол – 2025» аясында қайырымдылық шаралары өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысына қарасты аудан мешіттері «Мектепке жол – 2025» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, көптеген отбасыға қуаныш сыйлады.

Райымбек ауданы

Райымбек ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасының балаларына мектеп сөмкесі, оқу құралдары және мектеп формасы табыс етілді. Шараға демеушілік еткен жомарт азаматтарға аудан имамдары ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне берекет тіледі.

Ұйғыр ауданы

Ұйғыр ауданы мешіттері ауқымды қайырымдылық шарасын өткізіп, 300 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құрал-жабдықтарын табыстады. Сонымен қатар, 10 оқушыға мектеп формасын алуға арналған 20 000 теңгелік сертификаттар берілді. Аудан имамы Алмат Әбдімүтәліпұлы шәкірттерге ақ батасын беріп, жаңа оқу жылымен құттықтады.


Бұл ізгі бастама балалардың білімге деген ынтасын арттырып, жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына себепкер болды. Шараға қолдау көрсеткен демеушілерге ризашылық білдіріліп, Алла Тағала кәсіптері мен өмірлеріне екі дүниеде бақыт пен береке беруі тілек етілді