preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға 250 мектеп сөмкесі табысталды. Оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар салынған сөмкелер балаларға жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауға мүмкіндік береді.

Шара барысында Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы сөз сөйлеп, оқушыларға ақжолтай тілегін білдірді. Сонымен қатар балаларға мектеп сөмкелерін өз қолымен табыстап, білім алудың маңыздылығына тоқталды.

Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға үлес қосу.

Ізгі іске атсалысып, балаларға қуаныш сыйлаған барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Жаңа оқу жылы әр оқушы үшін сәтті басталып, білім жолындағы қадамдары нық болсын!