preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс аяқталды

Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс аяқталды

ҚМДБ-ның оқу-ағарту бағыты аясында Алматы облысында ұйымдастырылған қари ұстаздардың білімін жетілдіру курсы өз мәресіне жетті. Екінші күнгі дәрістерде ақида пәнінен ұстаз Бауыржан Омарұлы, фиқһ пәнінен Азамат Дәулетұлы, Құран ілімдерінен Рүстем Әуелханұлы сабақ жүргізді.

Курсқа 22 қари ұстаз қатысып, қорытындысында облыс наиб имамы Талғат Сүлейманов дәріс берген ұстаздарға алғыс білдіріп, қатысушыларға облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының атынан сертификаттар табыстады.

Бұл бастама қарилардың діни білімін тереңдетіп, Құран үйрету ісінің сапасын арттыруға ықпал етті.