preloader

Жаңалықтар

Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс басталды

Алматы облысында қари ұстаздарға арналған курс басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу-ағарту жоспарына сәйкес, Алматы облысында қари ұстаздардың білімін жетілдіруге арналған курс басталды. Игі бастама облыстың бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ұйымдастыруымен Талғар ауданы Қызылқайрат ауылдық мешітінде өтуде.

Курс аясында ұстаздар ҚМДБ-ның концептуалдық құжаттарын, ақида мен фиқһ ғылымдарын, Құран ілімдері мен тәпсірін оқып, теориялық және практикалық тәжірибелерін жетілдіруде.

Алғашқы дәрістерді облыстың наиб имамы Талғат Сүлейманов, ұстаздар Азамат Дәулетұлы және Рүстем Молдахметов жүргізді.

Бұл бастама ұстаздардың діни білімін нығайтып қана қоймай, шәкірт тәрбиелеу ісіндегі кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етпек.