preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығына сәйкес Алматы облысы, Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітіне жаңа бас имам болып тағайындалған Нұрсұлтан Болекбаев жамағатқа ресми түрде таныстырылды.

Осыған орай аудандық мешітте Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы болып, жұма уағызында жамағатқа «Тәуекел сыры – тұңғиық» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында Алла Тағалаға шынайы тәуекел етудің мәні, мұсылман өміріндегі сенім мен жауапкершіліктің маңызы, қиындықтар мен сынақтарда Жаратушыға сүйенудің рухани пайдасы кеңінен баяндалды.

Жұма уағызынан кейін облыстың бас имамы ҚМДБ Төрағасының бұйрығын оқып, Нұрсұлтан Болекбаевтың Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің бас имамы болып тағайындалғанын жамағатқа ресми түрде таныстырды. Сондай-ақ, осы күнге дейін аталған мешітте бас имам қызметін абыроймен атқарған Азамат Бексұлтанұлы Бұхарбековке ризашылық білдіріліп, иығына қазақы шапан жабылды. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жаңа қызметіне береке мен табыс тіледі. Жиын соңында ақсақалдар имамдарға  ақ батасын беріп, алдағы қызметтеріне береке, табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіне Алла Тағаладан мол сауап тіледі.