preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Алматы облысы аумағындағы мешіттерде қауіпсіздік талаптарын күшейту және инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған жұмыстар мешіттерде құлшылыққа келушілердің қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ Рамазан айында өткізілетін діни іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Іс-шара барысында электр энергиясының, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты пысықталды.

Жиынға арнайы қонақ ретінде Мемлекеттік өрт қызметі басқармасының бастығы Арман Миржанұлы және “Қапшағай өңірінің газ желілері” ЖШС қауіпсіздік қызметінің басшысы Рашит Оразбайұлы қатысты. Сала мамандары мешіт қызметкерлеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, инженерлік жүйелерді дұрыс пайдалану бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.