АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Таза Қазақстан» Республикалық эко акциясы бойынша Алматы облысының мешіттерінде сенбілік ұйымдастырылды. Шараға имамдар мен еріктілер қатысты. Жоба аясында мешіттердің аймағы қоқыстан тазартылды.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.