preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының Еңбекшіқазақ ауданына жасаған іссапары барысында Есік қаласындағы «Нүсіпәлиев Әділжан Жылқыбайұлы» мешітінде жұма намазы оқылды.

Жұма намазы алдында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жамағатқа жұма уағызын жүргізді.

Уағыз барысында мұсылман баласының қоғам алдындағы жауапкершілігі, көркем мінез бен ізгі амалдың маңызы, отбасылық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы өзара сыйластық мәселелері сөз болды.

Бас имам жұма күнінің мұсылман қауымы үшін қасиетті күн екеніне тоқталып, жамағатты бірлік пен ынтымаққа, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге, айналасына пайдасын тигізетін ізгі істер жасауға үндеді.

Сонымен қатар дін қызметкерлерінің халықпен тығыз байланыста болып, жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беруі, діни сауаттылықты арттыруы және мешіттің қоғамдағы рухани орталық ретіндегі рөлін күшейту қажеттігі айтылды.

Жұма намазына жиналған жамағат уағызды тыңдап, бас имаммен жүздесіп, көкейдегі сауалдарын қойды.