preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының бас имамы Райымбек ауданында жұма уағызын жүргізді

Алматы облысының бас имамы Райымбек ауданында жұма уағызын жүргізді

Алматы облысының Бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде жұма намазына қатысып, «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Уағыз барысында отбасы институтының қоғамдағы орны, некенің қасиеті, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесі және отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері жан-жақты насихатталды.

Сонымен қатар Райымбек ауданының өзге мешіттерінде де жұма уағыздарын облыстың аудандық бас имамдары жүргізді. Атап айтқанда, Ұйғыр аудандық мешітінің бас имамы Алмат Аширбаев Қайнар ауылындағы «Қайнар иман» мешітінде, Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Қақпақ ауылындағы «Саудабай» мешітінде, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Талғат Сүлейменов Текес ауылындағы «Досалы баба» мешітінде, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Бақыт Тойчибаев Жамбыл ауылындағы «Жәзілбек молда»мешітінде, сондай-ақ Нұрдәулет имам Қаратоған ауылындағы «Сегіз сары» мешітінде «Неке – салауатты өмір шарты» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа отбасы құндылықтарын сақтау, имандылық пен жауапкершіліктің маңызы жөнінде насихат айтты.

Жұма намазының соңында еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.