Алматы облысының имамдары «Darhan Dala» жобасын насихаттады
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған кезекті көшпелі жиналыс барысында Алматы облысы имамдары «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын зиярат етті.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып, отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған дін қызметкерлері мұражайда қойылған көне жәдігерлерді, соның ішінде әлемге әйгілі «Алтын адамды» тамашалап, ата-бабамыздан қалған тарихи мұрамыздың ерекше екендігіне тағы бір көз жеткізді.