preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының имамдары отандық туризмді дамытуға үлес қосты

Алматы облысының имамдары отандық туризмді дамытуға үлес қосты

Алматы облысының табиғатын насихаттау мақсатында жергілікті дін қызметкерлері бірқатар шаралар ұйымдастырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып, отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында имамдар мен жамағат Көлсай, Қайыңды көлдері мен Алма-Арасан шатқалын тамашалады.

Аталмыш саяхаттар барысында жамағат үшін ақ дастарқан жайылып, спорттық шаралар өткізіліп, насихат жұмыстары жүргізілді.