Алматы облысының имамдары үшін Құран курсы басталды
Алматы облысындағы діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында жергілікті имамдарға арналған 2 айлық Құран курсы өз жұмысын бастады.
Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен жергілікті дін қызметкерлеріне 3 деңгей (2, 1 және жарты пара) бойынша дәрістер өткізілетін болады.
Атап айтқанда имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.