preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының имамдары жылды қорытындылады

Алматы облысының имамдары жылды қорытындылады

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының төрағалық етуімен өңір имамдары 2023 жылдың қорытынды жиналысын өткізді.

Аталмыш жиынға Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіттердің бас имамдары қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Ізгі қоғам», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бағыттары аясында және жыл бойы атқарылған өзге де жұмыстар бойынша егжей-тегжейлі есеп беріп, арнайы үлгіге сай презентациялар көрсетті.

Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы дін қызметкерлерінің есептеріне оң бағасын беріп, келесі жылдың жұмыс жоспарына қатысты имамдардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. 

Шара соңында биылғы жылы дін қызметкерлері арасында белсенді болып, қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде атқарған бірқатар имамдар мен ұстаздар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және облыс бас имамының алғыс хаттарымен марапатталды.