preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ Алматы облысы өкілдігі мен облыстық Дін істері басқармасы “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыс имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында 5 күндік оқыту курсы басталды.

Курста жамағатпен жұмыс жүргізуде жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдану, сондай-ақ облыстың діндар контингенті арасында діни экстремистік идеологияның таралуын алдын алу бойынша дәрістер жүргізілмек. Оқыту курсының ашылу салтанатында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахылбекұлы Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы мен әлеуметтанушы Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы сөз сөйлеп қатысушыларға жобаның маңызылдылығы мен мақсатын түсіндірді.

Курстың алғашқы күнінде Дінтану бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері Болат Шаймолдаұлы, заңгер, заң ғылымдарының магистрі Ұлан Боранбайұлы,  «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі Салтан Сайранұлы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының оқытушысы, магистр Нұржан Айдарұлы мен әлеуметтанушы Талғат Жақиянов сынды сарапшылар дәрістерін бастады. Оқыту курсы бес күнге жоспарланған.